Жаңалықтар тізбегі
0

Норвегия мен Словенияға қарсы ойындар: Ұлттық құрама сапында кімдер өнер көрсететіні белгілі болды

Футбол, UEFA Чемпиондар лигасы, Норвегия, Словения, Қазақстан құрамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2024 19:28 Сурет: ҚФФ/Алексей Сисенбин
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қыркүйек айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Норвегия (6 қыркүйек) мен Словенияға (9 қыркүйек) қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылы 19 тамызда Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мәлімет таратты.

Ұлттар лигасы аясындағы Норвегия мен Словенияға қарсы ойындарда өнер көрсететін Қазақстан құрамасының кеңейтілген сапына 36 ойыншы енді.

  • қақпашылар: Игорь Шацкий ("Ақтөбе"), Александр Заруцкий ("Астана"), Стас Покатилов ("Тобыл"), Темірлан Анарбеков ("Жеңіс");
  • қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (бәрі – "Ордабасы"), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – "Тобыл"), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (бәрі – "Астана"), Михаил Габышев ("Елімай"), Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Лев Скворцов ("Шинник", Ресей), Талгат Кусяпов ("КАМАЗ", Ресей), Асхат Балтабеков ("Жетісу"), Ұлар Жақсыбаев ("Қызылжар");
  • жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (бәрі – "Ордабасы"), Рамазан Оразов ("Силькеборг", Дания), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Арман Кеңесов ("Ақтөбе"), Бактиер Зайнутдинов ("Бешикташ", Түркия), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – "Астана"), Александр Зуев, Ислам Чесноков (екеуі де – "Тобыл");
  • шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Адана Демирспор", Түркия), Айбар Жақсылықов ("Қайсар"), Оралхан Өміртаев (БАТЭ, Беларусь), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – "Астана");

Нақты тізім шыққанға дейін өзгеріс болуы мүмкін. Айта кетейік, Станислав Черчесов бастаған бапкерлер штабы Максим Самородов пен Сағадат Тұрсынбайдың жарақатынан хабардар. Қазіргі таңда "Ахмат" және "Ордабасы" футбол клубтарының дәрігерлер штабымен тұрақты байланыста. 

Оқу-жаттығу жиыны 1 қыркүйек күні Алматы қаласында басталады. Нақты тізім кейінірек белгілі болды.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы қыркүйек айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 6 қыркүйек күні ұлттық құрама Алматы қаласының Орталық стадионында Норвегияға қарсы ойнайды. Матчтың 19:00-де басталады. 

Үш күннен кейін біздің команда Словенияға қарсы сырт алаңда матч өткізеді. Ойын Любляна қаласында "Стожице" стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 23:45-те.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: