Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы басталды

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 17:46 Сурет: olympic.kz
2 қазанда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғаш болып мұз айдынына қыздар шықты. Олар жасөспірімдер арасында өткен қысқа бағдарламада өнер көрсетті. Нәтижесінде Оңтүстік Корея спортшысы Ким Мин Сон бірінші орынды иеленді - 60.93 ұпай. Екінші орынға отандасы Ким Гонхи тұрақтады - 60.62 ұпай. Үшінші аралық орын қазақстандық Арина Калугинаға бұйырды - 51.71 ұпай.

Қазақстан құрамасы сапында үздік нәтижені Анна Санникова көрсетті. Ол қысқа бағдарламада алтыншы орынға табан тіреп, 48.88 ұпай еншіледі.

Айта кетейік, бүгін турнир аясында әйелдер мен ерлер арасында да сайыстар өтеді. Ерлер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық Михаил Шайдоров өнер көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: