Футболдан Қазақстан құрамасының Лихтенштейнді жеңгеннен кейін кестедегі орыны қалай өзгерді

Футболдан Қазақстан құрамасы, Лихтенштейн, кесте, 2026 жылғы әлем чемпионаты, іріктеу турнирі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2025 10:04 Сурет: kff.kz
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде екі рет жеңіске жетті. Күні кеше Астанада Талғат Байсуфиновтың шәкірттері Лихтенштейн құрамасын 4:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz келтірген мәліметтерге сәйкес, бұған дейін Қазақстан құрамасы сырт алаңда бельгиялықтардан (0:6), Уэльстен өз алаңымызда (0:1) және сыртта да (1:3) жеңіліп, Астанада Солтүстік Македониядан (0:1) ұтылды, тек Вадуцтағы матчта Лихтенштейнді (2:0) жеңді.

Алты ойыннан кейін алты ұпаймен ұлттық команда "J" тобында төртінші орынға тұрақтады. Топты алты ойында 12 ұпай жинаған Солтүстік Македония көш бастап тұр. Екінші қатарда Бельгия құрамасы: бес матчта 11 ұпай алған.

Келесі ойынды Қазақстан құрамасы 13 қазанда Солтүстік Македония командасына қарсы өткізеді.

Бұған дейін Қазақстан футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Лихтенштейнді қалай жеңгенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: