Қазақстан-Бельгия футбол матчы: Билеттер екі күнде тез сатылып кетті

Жанкүйерлер, футбол, Қазақстан, Бельгия, билет, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2025 17:57 Сурет: Instagram/kff_team
15 қарашада Астанада футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің матчы өтеді. Қазақстан құрамасы әлемнің ең мықты командаларының бірі, жеті жыл бұрынғы мундиалдың қола жүлдегері – Бельгияны қабылдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қызыл албастылар" лақап атауына ие клуб ойыны қазақстандық жанкүйерлердің үлкен қызығушылығын тудырып отырғаны белгілі болды. Екі күн ішінде болашақ матч өтетін "Астана Арена" стадионындағы 30 000 орынға арналған билеттің барлығы сатылып кеткен.

Біздің футболшылар әлемнің сегізінші құрамасына қарсы ойынды 15 қарашада, сағат 19:00-де өткізеді. Талғат Байсуфиновтың командасы алдағы ойынға дайындықты бастап та кеткен.

Алаң иелері үшін бельгиялықтармен өтетін матч қатты маңызға ие емес, біз 2026 жылғы әлем чемпионатына бару мүмкіндігінен әлдеқашан айырылып қалғанбыз. Бірақ Руди Гарсияның шәкірттері J кіші тобындағы бірінші орынын сақтап, болашақ мундиалға жолдама алу үшін міндетті түрде қазақстандық команданы жеңуі керек.

8 қыркүйекке қараған түні қос құрама алғашқы ойынды өткізіп үлгерді. Ол кезде Брюссельде қазақстандықтар 6: 0 есебімен жеңілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: