Қазақстандық 19 жастағы футболшы қайтыс болды

"Хан-Тәңірі" футбол клубының шабуылшысы қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 22:57 Сурет: instagram/birinshiliga
"Хан-Тәңірі" клубының шабуылшысы Диас Төлеу көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан футбол федерациясы "Хан-Тәңірі" клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды. Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз. ҚФФ Диастың ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жарияланған ақпаратта жақын арада осы оқиғаға байланысты ресми тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылатыны және ол тиісті органдармен бірлесе жұмыс істейтіні айтылған.

"Федерация бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларынан расталмаған ақпарат пен алыпқашпа әңгімелерді таратпауға, марқұмның отбасы мен оның рухына құрметпен қарауға шақырады", - деп қосты ҚФФ.

Қосымша ақпарат қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін беріледі деп хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: