Астанада қаптама құлауы салдарынан жарақат алған 23 жастағы фельдшер қайтыс болды
Сурет:: Instagram/rustemova_aliya
Бұл туралы Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова мәлімдеді:
"18 қарашада өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде ауыр жарақат алған фельдшер — әріптесіміз қайтыс болғанын қайғыра айтамыз. Тұрғын үй кешенінің сыртқы кірпіш қаптамасының бір бөлігі құлаған кезде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсете отырып, жарақат алып, өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді."
Айта кетейік, 8 қарашадан бері дәрігерлер оның өмірі үшін бар күшін салды.
"Өкінішке қарай, алған жарақаттары өмірмен сәйкес келмеді." Әлия Рүстемова
2025 жылғы 8 қарашада Астананың Тәуелсіздік даңғылында тұрғын үй кешенінің сыртына орнатылған кірпіш қаптамасы мен кондиционер аспасының құлауынан бес адам зардап шеккен болатын.
12 қараша күні денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов фельдшердің жағдайы ауыр күйінде қалып отырғанын айтқан еді.