Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апаттан зардап шеккен тағы екі жұмысшы қайтыс болды

Тағы екі жұмысшы қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 09:15 Сурет: pxhere
Түнде Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған апаттан зардап шеккен тағы екі адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

YDD Corporation баспасөз қызметі берген ақпаратта, өкінішке қарай бүгін ауруханада біздің әріптестеріміз- технолог Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы, балқыту цехының механигі Адамчук Дмитро және бас механик қызметінің шебері Жетпісбаев Төлеген Елеуұлы қайтыс болды. Әріптестеріміздің отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.

Біз әріптестеріміздің жақындарына осынау ауыр кезеңнен өтуге қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Бүгінгі таңда компания жерлеуді ұйымдастыру, ас өткізу және мазар салу бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады, сондай-ақ отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді.

Атап айтқанда, компания келесі міндеттемелерді атқарады:

  •  Отбасын қолдау үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем жасайды.
  •  Отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсетеді.
  •  Қызметкерлер мен олардың жұбайларының барлық несиелерін толық өтейді.

Сондай-ақ YDD Corporation барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді жалғастырып, осылайша әріптестеріміздің мүмкіндігінше тезірек өз отбасыларына оралуларына жағдай жасайды.

2024 жылдың 20 шілдесінде No1 пеште кенеттен жалын шығып, ферроқорытпа зауытының сегіз жұмысшысы әртүрлі ауырлықтағы жарақаттар алды.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шетелдік мамандар тартылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: