Алматы облысында оқ тиіп, ауруханаға түскен екі адамның бірі көз жұмды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2022 12:51 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының Есік қаласында атыстан зардап шеккен бір адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына 1992 және 2004 жылғы екі ер адам келіп түсті. Екеуі де ауыр халде жеткізілді. Оларға шұғыл түрде ота жасалды. 2004 жылғы адам қайтыс болды. Ал екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында 22 шілдеде атыс болып, екі адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз .

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: