Ақсу ферроқорытпа зауытында екі жұмысшы зардап шекті

Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмысшыларын күйік шалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2024 13:46 Сурет: Zakon.kz
Ақсу ферроқорытпа зауытында екі кран машинисі зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Зауыттың мәліметінше, өндірістегі жазатайым оқиға 24 мамырда болған.

Зардап шеккендердің бірі Ақсу орталық ауруханасына жеткізілсе, бірі тексерістен кейін үйіне қайтарылды.

Оқыс оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, мән-жайы анықталып жатыр.

Компания қызметкерлерге барлық қажетті көмек берілетінін хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: