Ақсу зауытында зардап шеккен өрт сөндірушінің жағдайы оңалып келеді

аурухана, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 00:47 Сурет: akorda.kz
Ақсу зауытында зардап шеккен өрт сөндірушінің жағдайы оңалып келеді. Ол травматологиялық бөлімшеде ем алып жатыр, - деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 21 маусым күні сағат 18:50-де Ақсу қалалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнынан 1993 жылы туған ер адамды жеткізген.  

"Зардап шеккен жігіт № 1 өрт сөндіру бөлімінде аға өрт сөндіруші болып жұмыс істейді. Өртті сөндіру кезінде шатырдан құлаған. Мидың жабық жарақаты мен шайқалуы, кеуде контузиясы, оң жақ білек буынының созылуы тіркелді", - деп хабарлады басқарма. 

Өрт сөндіруші травматология бөлімшесіне жатқызылған. 22 маусымда сағат 16.00-де науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған. Есін біледі, өздігінен қозғала алады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: