Ақсу ферроқорытпа зауытындағы өрт кезінде өрт сөндіруші зардап шекті
Сурет: видеодан алынды
"Қазхром" ТҰК АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының (АФЗ) №4 цехындағы өрт кезінде өрт сөндіруші зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, жоғары температураға байланысты төбенің жабындысы опырылып түскен. Өрт сөндіруші зардап шекті, ол дереу ауруханаға жатқызылды (орташа ауырлық деңгейінде).
"Трансформаторлық шахталарда №15 белгіде құрал-жабдық пен сорғыға айдайтын май жанып жатыр, өрт шалған аумақ шамамен 50 шаршы метр", делінген хабарламада.
Айта кетсек, бүгін сағат 16-00 шамасында Ақсу ферроқорытпа зауытындағы цехтың бірінен өрт шыққаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript