Алматыда өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші зардап шекті
Сурет: Zakon.kz
Алматыда 25 қыркүйек күні өрт сөндіру кезінде өрт сөндіруші зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түнде Төле би көшесі мен Абай дыңғының арасындағы Брусиловский көшесіндегі құрылыс дүкені өртенді.
Өртті сөндіру кезінде өрт сөндіру бөлімінің бастығы қолынан жарақат алды. Медициналық топ тексергеннен кейін оны үйіне жіберуге рұқсат берді.
"Қазіргі уақытта өрт сөндірушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", – деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.
Таразда өрттен зардап шеккен құрылысшы қыздардың жағдайы белгілі болды
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript