Таразда өрттен зардап шеккен құрылысшы қыздардың жағдайы белгілі болды

Тараз, мектеп, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 09:49 Сурет: akorda.kz
Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы Тараз мектебіндегі өрт кезінде зардап шеккен қыздардың жағдайы ауыр екенін, оларға күрделі ота жасалып, олар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде алтыншы күн жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, оталарды академик Н.Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығының хирургтары жасады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында атап өткендей, екі науқастың да полижарақаттану және жасалған ота көлеміне байланысты жалпы жағдайы ауыр. Аяқ саусақтарының қозғалысы мен сезімталдығы сақталған. Қарқынды терапия жүріп жатыр, екекі де дәрігерлердің бақылауында.

Бұған дейін хабарланғандай, Таразда №44 орта мектептің түн жарымында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан үшінші қабатынтағы кабинеттің бірінен өрт шыққан. Бес құрылысшы зардап шекті. Екі қыз үшінші қабаттан секірген. Зардап шеккендер дереу Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: