Ақсу ферроқорытпа зауытындағы оқыс жайт: жұмысшы зардап шекті
Сурет: akorda.kz
Ақсуда жұмысшыны күйіп қалды. Оның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Асқар Қапановтың айтуынша, 12 қарашада Ақсу ферроқорытпа зауытында жазатайым оқиға болды. Бір жұмысшы зардап шекті.
"Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеу ұйымдастырылуда. Тергеу аяқталғаннан кейін жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады", - деді ол.
Жәбірленуші Ақсу қалалық ауруханасының жансақтау бөлімшесіне денесінің 60-65 пайыз термиялық күйік шалумен түсті.
Оның жағдайы ауыр деп бағалануда. 29 жастағы ер адам тиісті ем алуда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript