Екібастұз кен орнындағы оқыс жайт: жұмысшы биіктен құлады

Екібастұзда кен орнында биіктен құлаған жұмысшы жарақат алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2025 17:50 Сурет: rawpixel
Екібастұзда кен орнында биіктен құлаған жұмысшы жарақат алды. Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, 2 тамыз күні "Богатырь Көмір" ЖШС аумағында 32 жастағы жабдықты тексеру және жөндеу жөніндегі электрослесарь биіктен құлады. 


"Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталатын болады", - деді департамент басшысының орынбасары Абылай Сабыров.

Жұмысшы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: