Перуде түнгі клубта жарылыс болып, 33 адам зардап шекті

Жарылыс, Перу, түнгі клуб, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2026 14:49 Сурет: freepik
Перудегі Трухильо қаласындағы Dalí түнгі клубында жарылыс болды. 33 адам зардап шекті, оның ішінде кәмелетке толмағандар да бар. Жараланғандардың бірнешеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Трухильо денсаулық сақтау желісінің атқарушы директоры Херардо Флориан Гоместің айтуынша, кем дегенде бес адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккендердің кейбірі қатты жарақаттанып, ампутацияны қажет етеді, оларға ота жасалып жатыр. Жарақат алғандардың арасында 16 және 17 жастағы үш жасөспірім бар, деп хабарлайды The Guardian 2026 жылдың 7 наурызында.

Куәгер Фиорелла Мантилья журналистерге жарылыс кезінде аяғына шыны сынықтары тигенін айтты. Ол дыбыс жүйесі кенет сөніп қалғандай әсер болғанын айтады.

Жергілікті La República газеті жариялаған видеода клубқа келушілердің бірі "Бомба!" деп айқайлағанын естуге болады. Содан соң дүрбелең басталады. Видеоны түсіруші камераны жерде жатқан адамға бағыттап: "Қызға көмектесіңіздер!", - дейді.

Жарылыстың артында тұрған кімдер екені және оның себебі әлі белгісіз.

Бұған дейін Австралияда су тасқыны болып, жергілікті халықты жаппай эвакуациялау жүргізіліп жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: