Тоқаев "Қазақстан барысы – 2025" турнирінің жеңімпазын құттықтады

Тоқаев "Қазақстан барысы – 2025" турнирінің жеңімпазын құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2025 10:40 Сурет: pixabay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан барысы – 2025" турнирінің жеңімпазын құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Марат Байқамұровты қазақ күресінен "Қазақстан барысы – 2025" турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты. Мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете береді", - делінген Тоқаевтың құттықтауында.

Астанада 18 қазанда қазақ күресінен жылдың негізгі турнирі – "Қазақстан Барысы" өз мәресіне жетті. Бұл жарысқа елдің ең мықты 43 балуаны қатысты.

Палуандар абсолют салмақ дәрежесінде күш сынасты, ал жалпы жүлде қоры – 27 миллион теңге.

Жарыстың жеңімпазы — "Әскер Барысы" командасының атынан шыққан Марат Байқамұров болды. Финалдық белдесуде ол қазіргі чемпион Ерасыл Қажыбаевты жеңді. Турнирдің қола жүлдесін Маңғыстау өңірінің балуаны, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы Нұрдәулет Жарлығапов иеленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: