Александр Бубликтің Париждегі "Мастерс" турнирінің ширек финалындағы қарсыласы анықталды

Александр Бубликтің Париждегі "Мастерс" турнирінің ширек финалындағы қарсыласы анықталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2025 09:02 Сурет: Instagram/BUBLIK
Әлемдік рейтингте 14-орында тұрған ресейлік теннисші Карен Хачанов Парижде (Франция) өтіп жатқан "Мастерс" сериясындағы турнирдегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz дерегінше, үшінші айналымда ол әлемнің алтыншы ракеткасы, австралиялық Алекс де Минордан 2:6, 2:6 есебімен жеңілді.

Ойын 1 сағат 10 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Хачанов үш эйс жасап, бір қос қате жіберді және үш брейк-пойнттың бірде-бірін жүзеге асыра алмады. Ал де Минордың еншісінде екі эйс, екі қос қате және бес мүмкіндіктің төртеуін тиімді пайдаланып жасаған брейктер бар.

Осылайша, Париждегі "Мастерс" турнирінің ширек финалында Алекс де Минор Қазақстан теннисшісі Александр Бубликпен кездеседі.

Бұл кездесудің жеңімпазы ATP 1000 турнирінің жартылай финалына, сондай-ақ ірі сыйақы мен рейтингтік ұпайларға ие болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: