Қазақстан құрамасы ескек есу бойынша Азия марафонында керемет өнер көрсетті

Қазақ құрамасы ескек есу бойынша Азия марафонында керемет өнер көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2025 11:15 Сурет: gov.kz
23 қарашада Гонконгте байдарка мен каноэ бойынша өткен Азия марафонында Қазақстан бес алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үш күнге созылған марафонда Қазақстан құрамасының спортшылары бес алтын, бір күміс және екі қола медаль еншіледі.

Нәтижелер төмендегідей:

  • Татьяна Токарницкая (байдарка): 3400 м – 1-орын, 20 км – 1-орын, 500 м – 1-орын, 200 м – 1-орын;
  • Тимофей Емельянов (каноэ): 3400 м – 2-орын, 16 км 800 м – 1-орын, 500 м – 3-орын, 200 м – 3-орын.

Биылғы марафонға Азияның 13 елінен шамамен 250 спортшы қатысты.

Бұған дейін Геннадий Головкиннің әлемдік бокстың басты мекемесін басқаратын болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: