Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде жартылай финалға өтті

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде жартылай финалға өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2025 10:08 Сурет: Instagram/grigor.77
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин үндістандық спортшы Исак Экбалмен жұптасып, Гвалиорда (Үндістан) өткен ITF M25 сериялы жұптық турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz дерегіне сүйенсек, жартылай финалға шығу үшін қазақстандық-үнділік дуэт Виваан Бидасария /Ашравья Мехра тандемімен кездесті.

Матч 6:3, 6:1 есебімен аяқталды.

Турнирдің жартылай финалында Ломакин мен Экбал Үндістан өкілдері Арян Лакшманан мен Маниш Сурешкумармен ойнайды.

Бұған дейін Қазақстанның бірінші теннисшісі, әлемнің 5-ші ракеткасы Елена Рыбакинаның миллионерлер тізіміне енгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: