Рыбакина миллионерлер тізіміне енді
Сурет: j48tennis
Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдегі ең бай спортшы әйелдер тізіміне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportico дерегіне сүйенсек, "Үлкен шлем" турнирлерінің екі дүркін чемпионы, әлемнің үшінші ракеткасы, АҚШ теннисшісі Корри Гауфф 2025 жылы ең көп табыс тапқан спортшы атанды. Ол бір жылда 31 млн доллар тапқан, оның 23 млн доллары – демеушілік келісімшарттардан.
Екінші орынға мэйджор турнирлерінің төрт дүркін жеңімпазы, әлемнің бірінші ракеткасы, беларусь спортшысы Арина Соболенко жайғасты. Оның табысы – 30 млн доллар. Үздік үштікті "Үлкен шлемнің" алты дүркін чемпионы, әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтек (Польша) түйіндеді. Ол 23,1 млн доллар табысқа қол жеткізген.
Бұл тізімде Елена Рыбакина тоғызыншы орында.

Сурет: sportico
Бұған дейін допинг-тесттен өтпей қалған Жәнібек Әлімханұлының мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript