Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің ширек финалындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұл айналымда тунистік теннисші, әлемнің 33-ракеткасы Онс Жабермен кездесіп, қарсыласын үш сетте 6:2, 4:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті.
Рыбакина бұған дейін америкалық Кэти Волынецті (WTA рейтингінде 68-орын) 2:6, 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Енді ол жартылай финалда швейцариялық теннисші, әлемнің 157-ракеткасы Белинда Бенчичпен кездеседі.
Айта кетейік, Абу-Дабидегі турнир 3-8 ақпан аралығында өтеді. Бұл турнирде былтыр дәл Елена Рыбакина жеңіске жеткен еді. Жеңімпаз 164 000 доллар мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript