Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінде ойнаудан бас тартты

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2023 17:24 Сурет: Xinhua news
Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Чжэнчжоу (Қытайдағы) турнирден шығып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Елена Рыбакинаның жарыстан бас тартуына негізгі себебі ретінде белінің ауруын атаған.

Қазақстандық теннисшімен қоса, US Open 2023 чемпионы Коко Гауфф (иық) және "Ролан Гаррос 2023" финалисі Каролина Мухова да (оң білегі) жарыстан бас тартты. 

Еске салайық, Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалында әлемнің 22-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновадан ұтылған еді

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: