Қазақстандық үш жас теннисші Аустралия ашық чемпионатында бақ сынайды

Қазақстандық үш жас теннисші Аустралия ашық чемпионатында бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2025 18:45 Сурет: olympic.kz
Мельбурн қаласында 24 қаңтар – 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатына қатысушылар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстаннан негізгі жарыста үш жас теннисші бақ сынайды. Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 24-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Аустралия чемпионатында 10-ракетка болып тіркелген.

Сондай-ақ жасөспірімдер арасында әлемнің 60-ракеткасы Дәмир Жалғасбай және рейтингіде 94-сатыдағы Даниэль Тазабеков өнер көрсетеді.

Заңғар, Дамир және Даниэль өткен жылы командалық әлем чемпионаты – жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің финалдық кезеңінде ел намысын қорғаған еді. Онда әлемнің төрт дүркін чемпионы Францияны жеңіп, 5-орынға табан тіреген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: