Самоделкина мен Шайдоровтың 2026 жылғы қысқы Олимпиадада қашан өнер көрсететіні белгілі болды
Сурет: telegram/team_samodelkina
2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортине-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Қазақстан құрамасы аталған додаға 36 спортшымен қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz жазуынша, отандастарымыз спорттың 10 түрі бойынша сынға түседі. Олар: шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, биатлон, трамплиннен шаңғымен секіру, шорт-трек, фристайл-могул, фристайл-акробатика, мәнерлеп сырғанау, шаңғы қоссайысы және тау шаңғысы спорты.
XXV қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі:
- Шаңғы жарысы: Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина, Дарья Ряжко, Анна Мельник, Виталий Пухкало, Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков.
- Конькимен жүгіру: Кристина Силаева, Надежда Морозова, Арина Ильященко, Елизавета Голубева, Евгений Кошкин.
- Биатлон: Айша Ракишева, Милана Генева, Владислав Киреев, Асет Дүйсенов.
- Трамплиннен шаңғымен секіру: Данил Васильев, Илья Мизерных.
- Шорт-трек: Яна Хан, Ольга Тихонова, Абзал Әжғалиев, Денис Никиша.
- Фристайл-могул: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова, Павел Колмаков.
- Фристайл-акробатика: Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев, Асылхан Асан, Дінмұхамед Райымқұлов, Роман Иванов.
- Мәнерлеп сырғанау: Софья Самоделкина, Михаил Шайдоров.
- Шаңғы қоссайысы: Чингиз Ракпаров.
- Тау шаңғысы спорты: Александра Скороходова, Ростислав Хохлов.
Бұл ретте, Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі отандастарымыздың жарысқа шығу кестесін жариялады.
Оған сәйкес, Михаил Шайдоров 10 ақпанда сағат 22:30-да, сондай-ақ 13 ақпанда 21:00-де өнер көрсетеді. Ал Софья Самоделкина 17 ақпанда 22:45-те, әрі 19 ақпанда 23:00-де мұз айдынына шығады.
Бұған дейін Заңғар Нұрланұлының үздіктердің қатарына енгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript