Евгений Федоров тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында топ жарды

Евгений Федоров тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында топ жарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2026 19:40 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасында "элита" санатында Евгений Федоров 31 шақырымдық жекелей сайыста топ жарды.

Сонымен қатар дәл осы қашықтықта қазақстандық Николас Винокуров күміс жүлдеге ие болды. Ал үздік үштікті Ту Чих Хао (Қытайлық Тайбэй) түйіндеді.

Сондай-ақ 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен 24,6 шақырымдық жекелей сайыста Мансұр Бейсембай топ жарды. Екінші орынды Моңғолия өкілі Темулен Хадбаатар иеленсе, қола жүлде Қытай спортшысы Чэнцзюнь Цюй бұйырды.

Ал Әнел Тәшбай жасөспірімдер арасында өткен 15,8 шақырымдық жекелей сайыста үздік атанды. Екінші орынға Гонконг өкілі Чинг Кью Лоу жайғасты. Ал үндістандық Анжали Джакхар үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 ақпанда аяқталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: