Керлингтен аралас командалық сайыстағы Қазақстан чемпиондары белгілі болды
Сурет: olympic.kz
Астана қаласында керлингтен Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін аралас командалық сайыстағы үздіктер анықталады. Нәтижесі мынадай:
- 1-орын: Астана қаласы командасы;
- 2-орын: Қостанай облысы;
- 3-орын: Алматы облысы.
Айта кетейік, жарысқа еліміздің 8 өңірінен 100-дан астам спортшы қатысып жатыр.
Чемпионат Ұлттық құраманы жасақтау, халықаралық жарыстарға іріктеу және кёрлинг спортын өңірлерде дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript