Ғұсман Қырғызбаев пен Әбиба Әбуҗақынова бастаған дзюдошылар Гран-при жарысына аттанды
Сурет: olympic.kz
6-8 наурыз аралығында Аустрияның Линц қаласында дзюдодан Гран-при турнирі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Назарыңызға Ұлттық құрама тізімін ұсынамыз. Бұл қатарда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Абиба Абужақынова бар.
Әйелдер:
- 48 келі: Әбиба Әбужақынова, Диана Буркеева;
- 57 келі: Дана Абдирова, Бақыт Құсақбаева;
- 63 келі: Есмігүл Құйылова;
- 70 келі: Ажар Асхат;
- +78 келі: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова.
Ерлер:
- 60 келі: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов;
- 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев;
- 73 келі: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов;
- 81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат;
- 90 келі: Айдар Арапов;
- 100 келі: Марат Байкамуров, Нұрлыхан Шархан;
- +100 келі: Жантілек Нұртілепұлы.
Айта кетейік, жарыс 3 күнге созылады. Оған 62 мемлекеттің 503 спортшысы қатысады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript