Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Дияр Нұрғожай, АҚШ, Лас-Вегас, UFC , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2026 12:59 Сурет: ufc.ru
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай (11-2) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның қарсыласы бразилиялық Рафаэл Тобиас (14-2) болды.

Жартылай ауыр салмақта жоспарланған үш раундтық айқас тартысты өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық файтерге берді: 30:28, 30:28, 30:27.

Осылайша, 28 жастағы Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісін тіркеді, ал кәсіби ММА-дағы бұл 11 жеңісі болып табылады.

Всего на счету 28-летнего Нургожая теперь 11 побед в профессиональных ММА.

Ал бразилиялық Рафаэл Тобиас үшін бұл - кәсіби мансабындағы екінші жеңіліс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: