УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында "Арсенал" мен ПСЖ кездеседі - суперкомпьютер болжамы
Сурет: Instagram/championSleague
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Opta суперкомпьютері Лондон клубының жеңіске жету ықтималдығын 56%, ал ПСЖ-ның турнир жеңімпазы ретіндегі болжамды көрсеткішін 44% деп шығарды.
Бұл арада француз және ағылшын клубтары Чемпиондар Лигасының финалында алғаш рет бақ сынасқалы отырғанын баса атай кеткен жөн.
"Париждіктер" екі жартылай финалдағы кездесу қорытындысы бойынша "Баварияны" жеңді (5:4, 1:1), ал "Арсенал" "Атлетикодан" мықты екенін дәлелдей алды (1:1, 1:0).
Еуропаның ең беделді клубтарының турнирдегі шешуші матчы 30 мамырда Будапештте (Венгрия) өтеді.
Бұл екі испандық жаттықтырушының бақталасуы болмақ: ПСЖ-ның тізгіні Луис Энрикеде болса, ал "зеңбірекшілерді" алаңға Микель Артет алып шықпақ.
Соңғысы ешқашан УЕФА Чемпиондар Лигасы кубогын иеленіп көрмеген. Ал Франция кубоктың қазіргі иегері болып табылады.