Қазақстан садақ атудан Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесі үшін сынға түседі
Сурет: World Archery
Қазақстан құрамасы садақ атудан Шанхай қаласында (Қытай) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлемдік додада қола медаль үшін Виктория Лян мен Муса Ділмұхамет сынға түседі.
Қазақстандық спортшылар блоктық садақ атудан аралас командалар арасындағы жарыстың жартылай финалына дейін жетті. Алайда бұл кезеңде Түркия құрамасына 156:157 есебімен есе жіберді.
Енді 9 мамырда қола жүлде үшін өтетін матчта отандастарымыз Эстония құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, турнир барысында қазақстандық мергендер Сингапур, Оңтүстік Корея және Ұлыбритания командаларын жеңген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript