Владимир Божко 1949 жылы 16 мамырда Алматыда дүниеге келген. Политехникалық институтты тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын сантехник болып бастады, ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте болды, Төтенше жағдайлар министрлігін басқарды. Генерал-лейтенант. РКШ ПВАСС бақылау кеңесі төрағасының орынбасары.