Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев 1971 жылы 17 тамызда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді бітіріп, «Құқықтану» мамандығы бойынша «Заңгер» біліктілігін алған. Сонымен қатар, ол НГВШУ бітірген. Еңбек жолында Алматы қаласының аудандық прокуратурасында, АСПИР және Әділет министрлігінде қызмет атқарған. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі басшысының кеңесшісі, Индустрия және сауда министрінің орынбасары, «Қазына» ТШИ төрағасының орынбасары, мемлекет басшысының көмекшісі, Индустрия және сауда министрлігін басқарды. Премьер-министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басшысы болып жұмыс істеді, Инвестициялар және даму министрлігін басқарды, Астана қаласының әкімі, Президент Әкімшілігінің басшысы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры болды. Қазақстан – Елбасы. 2020 жылдың қаңтарынан - Мемлекет басшысының көмекшісі.
Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады