Қалмұханбет Қасымов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, полиция генерал-полковнигі. 1957 жылы Алматы облысы, Дмитриевка ауылында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Криминалдық полиция басқармасының бастығы, Ішкі істер басқармасының бастығы, Ішкі істер вице-министрі қызметтерін атқарған. 2011-2019 жылдары Ішкі істер министрлігін басқарды. Кейіннен МКҚ басшысы болып тағайындалды. Мемлекеттік күзет қызметі адамдар мен мемлекеттік маңызы бар объектілердің, оның ішінде республика Президентінің және оның отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады