Динара Құлыбаева 1967 жылы 19 тамызда дүниеге келген. ГИТИС (экономист), КИМЭП (Іскерлік әкімшілендіру магистрі) және ағылшын тілі курсын (University of Canterbury, Ұлыбритания) бітірген. Сонымен қатар, Қазақстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің аспирантурасын аяқтады. Педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. Қазақ ССР Мемлекеттік мәдениет комитетінде Казглавкиноның инспекторы болып жұмыс істеді. «Қазкиножоба» РҚБ репертуар бөлімін және «Бөбек» қорының халықаралық дирекциясын басқарды. 1998 жылдың желтоқсанынан бастап Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорының директоры.
Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады