Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен РФ вакциналау паспорттарын өзара тану мәселесін қарастырып жатыр

Келісім Сурет: Zakon.kz
Қазақстан мен Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрліктері вакцинация паспорттарын өзара тану алгоритмін келісті, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ресейлік әріптестерімен бірлесіп вакцинация туралы құжаттарды тану шарттары мен тәртібін, ақпараттық жүйелердің техникалық мүмкіндіктері мен жұмысын қарастырған болатын.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК қазіргі уақытта COVID-19-дан вакцинацияланған және ауырып жазылған адамдар туралы мәліметтер алмасу бөлігінде ақпараттық жүйелердің интеграциясы жүріп жатқанын хабарлайды.

Осы мәселе бойынша тараптар арасында түбегейлі келіспеушіліктер жоқ.

Естеріңізге салатын жайт, Ресей Федерациясымен вакциналау паспорттарын өзара тану қажеттілігі мәселесі бірнеше рет жоғары деңгейде көтеріліп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі екіжақты тәртіпте, сондай-ақ ТМД, ЕАЭО алаңдарында талқыланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: