Жаңалықтар тізбегі
0

Бақтияр Қожахметов ҚР Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

Кадрлық өзгеріс Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі ҚР Қаржы вице-министрінің қызметінен босатылуы туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Бақтияр Дүйсенбайұлы Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Бақтияр Қожахметов 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Карлов университетін, Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда маман ретінде бастаған.

Әр жылдары «ҰАТ» АҚ, «Зерде» ҰИХ» АҚ, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде жұмыс істеді.

2016-2017 жылдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ төрағасының орынбасары.

2017-2019 жылдары — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарушы директоры.

2020-2021 жылдары — «Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма мүшесі – төрағасының орынбасары.

2021 жылғы ақпаннан бастап ҚР қаржы вице-министрі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз