ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев қызметінен босатылды
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Азамат Халимеденұлы Әмірғалиев Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі лауазымынан босатылды, делінген хабарламада.
Азамат Әмірғалиев Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі мен білігі
Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын үздік бітірген, 1998 жылы, Инновациялық еуразиялық (МВА) университетін бітірген және The Management and Marketing Universal Business Shcool (МВА халықаралық бизнес мектебі, Ұлыбритания) университетін 2018 жылы бітірген.
Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» медалі (2015 ж.)
Еңбек өтілі:
ҚР Әділет министрлігі Заңнама және халықаралық құқық департаментінің аға маманы, бас маманы болып қызмет атқарды (02.1998 - 05.1999 ж.ж);
ҚР Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау және халықаралық донорлық көмек үйлестіру мәселелері бойынша басқарманың бөлім басшысы (05.1999 - 04.2001 ж.ж);
ҚР Әділет министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің, бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары, директордың орынбасары, департамент директоры (04.2001 - 10.2003 ж.ж);
ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары бойынша комитеті төрағасының орынбасары (10.2003 - 03.2006 ж.ж);
ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары (03.2006 - 07.2006 ж.ж);
ҚР Парламенті Мәжілісі Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары (11.2006 - 07.2009 ж.ж);
«Альянс Банк» АҚ Корпоративті хатшысы (07.2009 - 02.2011 ж.ж);
ҚР Президенті Іс Басқармасы Заң бөлімінің меңгерушісі б(02.2011 - 01.2017 ж.ж);
ҚР Президенті Іс Басқармасы аппаратының басшысы (01.2017 - 03.2019 ж.ж);
ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы (03.2019 - 10.2020 ж.ж);
2020 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі қызметін атқарып келді.