"Әкімдер ешбір партияның мүшесі болмауы керек". Бұл талапқа қатысты Үкімет түсінік берді
Сурет: Zakon.kz
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов түрлі деңгейдегі әкімдердің партияларға мүше болуына тыйым салу ықтималдылығына қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 5 қарашада "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 4-бабына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, әкімдер мен олардың орынбасарларына саяси партиялардың өкілдіктері мен филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салынады", - деп жазды Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.
Премьер-министр, егер тағайындалған немесе сайланған кезінде әкімдер мен олардың орынбасарлары саяси партиялардың филиалдары мен өкілдіктерінде қызмет атқарған болса, онда олар тағайындалған немесе сайланған күннен бастап 10 күн ішінде аталған лауазымдарды босатуы тиіс екенін нақтылады.
"Дегенмен әкімдердің саяси партияға мүшелігін доғару жөніндегі ұсыныс озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, әлі де қосымша зерттеуді талап етеді", деген өз ойын да Үкімет басшысы жеткізді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript