Семейде латын әліпбиінде сабақ өткізіле бастады

Zakon.kz Zakon.kz
Колледждің мың жарымға жуық жастары бұған дейін де жаңа әліпбиді қолдайтындықтарын білдіріп, бірнеше шара өткізген.
Семей қаласындағы электротехникалық колледжде латын әліпбиімен сабақ өткізіле бастады, - деп хабарлайды Хабар арнасы.

«Бұл тәжірибелік сынақ түріндегі сабақтар шәкірттерді психологиялық тұрғыдан жаңа таңбаларға икемдеу мақсатында жүргізіледі», – дейді оқу орны басшылары. Колледждің мың жарымға жуық жастары бұған дейін де жаңа әліпбиді қолдайтындықтарын білдіріп, бірнеше шара өткізген. Ендігі мақсат – дипломдық жұмыстар мен оқулықтарды да біртіндеп латын әліпбиіне көшіру.

– Бізге өте жеңіл түсіп жатыр. Өйткені мехатроника, инженерлік және электр тарапы мен медицинада көп сөздерді ағылшын тілімен сәйкес жүреміз. Сондықтан бізге мағынасын түсінуге өте жеңіл. Электротехника колледжі болғаннан кейін техникалық, электроника және инженерлік терминдерден бастасақ деген ойдамыз, - деді Семей электротехникалық колледжінің директоры Азат Сарпеков.

Фото: stan.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз