Жаңалықтар тізбегі
0

Ертістен өлі табылған әйелдің кім екені анықталды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2017 22:25 Zakon.kz
Ертістен өлі табылған әйелдің екі баланың жоғалып кеткен анасы екені расталды.
Павлодар облысындағы Ертістен өлі табылған әйел Дарья Николаева болып шықты. Бұл туралы Дарья Николаеваның анасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Today.kz.

Сот-молекулярлық генетикалық сараптама бір айдан көп уақыт бойы жүргізілді. Облыстық ІІД бастапқыда жеке тұлғаны тану мүмкін болмағандықтан, ДНҚ сараптамасын екінші рет жүргізген.

"Полиция менің қызым екенін айтты. Ертең бүкіл құжатын береді, жаназа да ертең болады. Тергеу барысы туралы маған ештеңе айтпады, құпия дейді. Ол екенін тісінен қарап бірден білдім, ол екенін сездім. ДНҚ жасадық, бәрі расталды", - деді Вера Николаева.

Аймақтық ІІД сараптама қорытындысы жайлы пікір білдіруден бас тартты. Олардың айтуынша сараптама Астанада жасалған.

Естеріңізге салайық, 28 жастағы екі баланың анасы 2016 жылдың қазанында туған ауылы Береговоедан күйеуіне Тереңкөл ауылына кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеді. Жоғалып кеткен әйелдің анасы полицияға хабарласты. Әйелді іздеу жұмыстарымен құқық қорғау орындары мен павлодарлық еріктілер айналысты. ІІД "Адам ұрлау" бабымен іс қозғап, кейін "Кісі өлімі" бабына өзгертті.

2017 жылдың қыркүйегінде өзеннен Дарья Николаеваға ұқсайтын әйел денесінің табылғаны белгілі болды. Полиция сот-молекулярлық генетикалық сараптама тағайындалғанын айтты.

Фото: today.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: