Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО тұрғындары ластанған бұлақ суын пайдаланып отыр

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2017 23:59 Zakon.kz
Ауылдың дәл іргесіне жергілікті кәсіпкер 10 жыл бұрын доңыз фермасын салған екен.
Шығыс Қазақстан облысы, Степное ауылының тұрғындары жағымсыз иіске тұншығып отырғандарын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Хабар 24.

Ауылдың дәл іргесіне жергілікті кәсіпкер 10 жыл бұрын доңыз фермасын салған. Тұрғындардың айтуынша, содан бері шаруашылықтан шыққан нәжіс пен көң-қоқыс бұлақ суымен араласып, ауылдағы үйлердің құдығына құйылып жатқан көрінеді. Ал лас қалдық адам денсаулығына аса қауіпті екенін аймақтағы экология департаментінің инспекторлары да растап отыр.

Бұл – ауыл шетіндегі доңыз фермасы салынған дөңестен келіп жатқан бұлақ суы. Көң-қоқысқа толы лай су әрбір үйдің құдығына барып құйылады. Ал ауылда орталықтандырылған құбыр әлі тартылған

- Фермадағы көң араласқан су. Көгеріп кеткен суды тұтынамыз. Ал жазда күн ыстықта далаға шығу мүмкін емес. Қолқаңды жағымсыз иіс қабады, - дейді Степное ауылының тұрғыны Александр Стужук.

- Біздің бармаған жерміз жоқ. Прокуратураға да, әкімшілікке де жаздық. Жазғанымыздан пайда жоқ. Бізде мынадай суды ішуге мүмкіндік жоқ. Шайдың ішінде қоқыс қалады, - дейді Степное ауылының тұрғыны Серік Мұхамедиев.

Қоғамдық ұйымның жеке экологтары да құзырлы органдарды бұл мәселеден хабардар еткен. Алайда әлі дұрыс шешімін таппай келеді. Қазір күздің қара суығы болса да ауыл маңындағы батпақтан аяқ алып жүргісіз.

- Барлық санитарлық талапқа сай келмейді. Доңыз асырайтын шаруашылықтың асырап сақтайтын қорасы елді мекеннен белгілі қашықтықта болуы тиіс. Сонымен қатар көң-қоқысты сақтап, тазалайтын арнайы нысан болу керек, - деді облыстық экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Анатолий Филипов.

Доңыз шаруашылығын ешбір орган бірден жауып тастай алмайды. Өйткені жеке қожалықтың осы маңдағы ауа, су, топырақты ластап отырғаны нақты дәлелденуі тиіс. Сондықтан экологтар кешенді-зертханалық тексеру жүргізу үшін әрбір үйдің құдығынан су алды.

Жедел зерттеудің алғашқы нәтижесі құдық суы улы химиялық элементтерге толы екенін көрсетті. Кейбір металдар қалыпты көрсеткіштен 10 мың есе артып кеткен.

- Нитрат 5-10 есеге, ал тұз 3 мың есе көп. Оттегі көрсеткіші мың есеге дейін нормадан жоғары. Бұл адам денсаулығына өте зиянды деп санаймыз. Фермаға мониторинг аяқталғаннан кейін тексеру ашылып, экологиялық сараптама өткізіп, орнына келтіреді деп ойлаймын, - дейді облыстық экология департаменті инспекциясының жетекшісі Ермак Барқышев.

Экологтар орнына келтіреді деп ойлағанымен, ауыл тұрғындары оған сенбей отыр. Өйткені құрылғанына 10 жылдан асқан доңыз шаруашылығы үлкейіп келеді. Ферманың жұмысын реттеуге құзырлы органдарда пәрмен болғанмен, заңды тұрғыда дәрмен жоқ.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Фото: Хабар 24


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: