Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-дан тағы сібір жарасы шықты деген қауіп бар

Ашық дереккөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2019 18:02 Ашық дереккөздерден алынды
Өткен күзде дәл осы ауылдың тұрғыны мал сойып жатып сібір жарасын жұқтырып, қайтыс болған еді.

Катонқарағай ауданының тұрғыны сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін. Науқас ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz Алтайньюс басылымына сілтеме жасап.

– Кішінарын ауылының 60 жастағы тұрғыны аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер білегінде жұқпалы жара бар (инфицированная рана кисти) деген диагноз қойып отыр. Науқас үйінде мал ұстайтындықтан қосымша қан талдауын тапсырды. Сібір жарасын жұқтырған-жұқтырмағаны осыдан кейін анықталмақ. Талдаулар аса қауіпті жұқпалы аурулар зертханасына жіберілді, – деп мәлімдеді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өткен күзде дәл осы ауылдың тұрғыны мал сойып жатып сібір жарасын жұқтырып, қайтыс болған еді.

Науқасты емдеу жолдарын анықтау үшін облыс орталығынан ауданға мамандар жіберілген болатын. Әзірше дәрігерлер "Сібір жарасының теріде болатын түрі" деген қорытындыға келіп отыр.

Қазіргі уақытта науқастың және үй ішіндегілердің (отбасында 3 адам) денсаулығы қалыпты, медициналық бақылауда. Бірақ талдау нәтижелері оң болмай шықты. Енді тереңдетілген зертханалық тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

– Эпидемиологиялық тексеру және тергеу барысында үй жануарларынан ешқандай ауру анықталмады. Қазір мамандар тұрғындармен сөйлесіп, оларды құлақдар етіп, сібір жарасының алдын алу жұмыстары жүргізіп жатыр, – дейді Денсаулықсақтау басқармасы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: