Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Өскеменде трамвайлардың тоқтап қалу қаупі туындап тұр

22 қарашада энергетикалық кәсіпорын трамвайларды тоқтан ажыратпақ.

Сурет : 8 Қараша 2017, 14:22
Өскемен қаласында қалалық трамвай паркінің қарызы салдарынан шаһар ішіндегі трамвайлардың тоқтап қалу қаупі туындап тұр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бұл туралы Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Сексенова фейсбук парақшасында мәлімет таратты. Жазбадағы хабарламаға сәйкес, жеке меншіктегі қалалық трамвай паркі электрмен қамтитын кәсіпорыннан ірі сомада қарыз алған. Қарыз уақтылы жабылмаса, 22 қарашада энергетикалық кәсіпорын трамвайларды тоқтан ажыратпақ.

«Шыгысэнерготрейд» ЖШС трамвай паркі мен Өскемен қалалық әкімдігіне ресми түрде көліктік кәсіпорынның 62 миллион теңге қарыз екенін хабарлады. Егер бұл сома 22 қарашаға дейін өтелмесе, энергетиктер 22 қарашада паркті электрмен қамтуды шектемек», - делінген хабарламада. Ал қалалық әкімдік бұл тұрғыда мәселені шешу жолын да қарастырып жатқан көрінеді. «Өз кезегінде Өскемен қаласының әкімдігі қала тұрғындарының қажетті бағдарлар бойынша қозғалуы үшін қосымша нұсқаларды қарастырып жатыр», - деп хабарлайды Әсем Сексенова.

Фото: inform.kz

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер