Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсету жөнінде дөңгелек үстел өтті

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2017 23:19 Zakon.kz
Іс-шараның қорытындысы бойынша «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалды
7 қарашада Ақтөбе қаласында «Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру проблемалары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара «ТКШ саласындағы инвестициялық тартымдылықты арттыру және шағын және орта бизнесті дамыту үшін тұрғын үй қатынастары жүйесін жетілдіру» ПРООН және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлескен жобасын іске асыру шеңберінде өтті.

Отырысқа Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясының басшылары, ПИК қауымдастықтары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ПИК төрағалары мен басқарушы компаниялар қатысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2017 23:19

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ өкілі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы институционалдық реформалар» таныстырылыммен сөз сөйледі. Ол тұрғын үй шаруашылығындағы ағымдағы жағдай мен проблемалық мәселелер, ПИК және басқарушы компаниялар жұмысының қолданыстағы тетігі, сервистік қызмет субъектілермен бірге басқару органдарының өзара іс-қимылы, ТКШ реформасының негізгі бағыттары туралы айтып берді, сондай-ақ Польша, Венгрия және Австриядағы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың мысалдарын келтірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2017 23:19

Дөңгелек үстелдің қатысушылары өз үйін басқаруға және күтіп ұстауға үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін кеңінен тарту мақсатында ұсынылып отырған тұрғын үйдің жылжымайтын мүлкін басқару модельдерін талқылады, сондай-ақ тұрғын үй секторына шағын және орта бизнесті тарту мәселелерін қарады.

Іс-шараның қорытындысы бойынша «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалды, олар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобында қаралатын болады.

Дереккөзі: «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ баспасөз қызметі

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: