Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда пойыз бағыттарының кестесі өзгереді

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2017 18:51 Zakon.kz
Жаңа жылдан бастап күн сайын жүретін жаңа № 154/153 «Астана-Семей» жүрдек пойызы жолға шығатын болады.
Елімізде 10 желтоқсаннан бастап пойыз бағыттарының кестесі өзгереді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Baq.kz.

ТМД-ға мүше мемлекеттердің теміржол көлігі, 66 Кеңесінің шешімі бойынша 2017 жылдың 10 желтоқсанында Астана уақытымен 00 сағат 00 минутта пойыздардың 2017-2018 жылдарға арналған жаңа кестесі енгізіледі.

Жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңа жылдан бастап күн сайын жүретін жаңа № 154/153 «Астана-Семей» жүрдек пойызы жолға шығатын болады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан № 376/375 «Астана-Лениногорск» пойызының стандартты вагондары қазіргі заманғы жайлы «Тұлпар-Тальго» вагондарына ауыстырылады. Жолда жүру уақыты 28 сағат, яғни қазіргі кестемен салыстырғанда 3 сағатқа тезірек баратын болады.

Сонымен қатар, «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өтініші бойынша № 303/304 «Алматы-Екатеринбург» пойызының маршруты Қазан қаласына дейін ұзартылды. Енді 2017 жылдың 12 желтоқсанынан бастап ол халықаралық № 303/304 «Алматы-Астана-Қазан» пойызы ретінде қатынайтын болады.

«Біз ҚТЖ ұлттық компаниясының басшылығына зор ризашылығымызды білдіреміз. Екі ел астаналары арасында тікелей қатынайтын пойыздың жолға шығуы Қазақстанның Тәуелсіздігі мерекесі мен Астананың 20 жылдығы қарсаңындағы елеулі оқиға»,- дейді республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Тауфиқ Кәрімов.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан төмендегі пойыздардың реттік саны төмендегідей өзгереді:

«Алматы-Атырау» № 35/36 (бұрын № 77/78);
«Алматы-Защита» № 45/46 (бұрын № 69/70);
«Астана-Ақтөбе» № 97/98 (бұрын № 87/88);
«Алматы-Петропавловск» № 703/704 (бұрын № 705/706);
«Алматы-Шымкент» № 709/710 (бұрын № 707/708).

Еске сала кетейік, қосымша сұрақтар бойынша теміржол вокзалдарының кассаларына немесе 105 бірегей анықтама қызметіне телефон шалуға болады.

Фото: Baq.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: