Жаңалықтар тізбегі
0

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі өзгерді

Kazakhstan Today, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2020 16:12 Kazakhstan Today
2021 жылдың 3 қаңтарынан бастап №105/106 "Алматы-2 – Петропавл" жүрдек пойызы күн сайын жүретін болады.

ҚР аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 24 желтоқсандағы шешіміне сәйкес және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 30 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап Ақмола облысының аумағында орналасқан барлық стансалар бойынша теміржол билеттерін сатуға және жолаушыларды отырғызуға/түсіруге рұқсат етілді, деп хабарлайды zakon.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, ұлттық тасымалдаушы 2021 жылдың 3 қаңтарынан бастап "Алматы-2 – Петропавл" қатынасындағы №105/106 жүрдек пойызының күн сайын жүретіні туралы хабарлайды (бұрынғы нөмірі №705/706).

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша өзекті ақпараттарды алу үшін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ әлеуметтік желілердегі парақшалары мен Bilet.railways.kz сайтына тіркелулеріңізді сұраймыз. Сондай-ақ, жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі арқылы алуға болады.

Коронавирус инфекциясының таралуы кезеңінде жолаушыларға теміржол билеттерін онлайн рәсімдеуді, карантин талаптарын, әлеуметтік қашықтықты және вокзал аумағы мен пойыз ішінде бетперде режимін қатаң сақтап жүрулеріңізді сұраймыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: