Түркістан облысы міндетті медициналық сақтандыруға толық дайын

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2019 23:39 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
2020-жылдың 1-қаңтарынан бастап әр жұмыскер өз табысының 1% ай сайын сақтандыру қорына аударатын болады.

Бұл туралы облыс әкімшілігінде өткен шұғыл штаб отырысында Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2019 23:39

Облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаевтың төрағалық етуімен өткен жиын барысында өңірдегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық барысы талқыланды. Жаңа жүйе келер жылдан бастап толық күшіне енетін болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2019 23:39

Жиын барысында кей аудандарда бұл мәселе бойынша халық арасында түсіндірме жұмысының жеткіліксіз екендігі айтылды. 2020-жылдың 1-қаңтарынан бастап әр жұмыскер өз табысының 1% ай сайын сақтандыру қорына аударатын болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2019 23:39

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметінше, жаңа жүйемен облыс халқының 82 % қамтылған. Бейресми, жалдамалы жұмыскерлер, тұрақты табысы жоқ азаматтар әлеуметтік сақтандыру қорына ай сайын 2525 теңге аударма жасаулары қажет. Аудан және ауыл тұрғындары үшін жарна мөлшері екі есе аз.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2019 23:39

МӘМС жүзеге асқаннан кейін тегін медициналық көмек тоқтап қалмайды, дейді мамандар. Жаңа жүйенің артықшылығы - консультативтік-диагностикалық көмек, соның ішінде қымбат бағалы зертханалық қызмет түрлерін, сырқаттарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық оңалту және пациент денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған ем-дом түрлерін қамтиды. Ал, балалар мен зейнеркерлер, ҰОС ардагерлері, көпбалалы аналар, мүгедек жандар мен сот үкімімен жазасын өтеушілер үшін медициналық сақтандыру қоры мемлекет тарапынан қаржыландырылады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: