Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда жат ағымдарды насихаттаған 70-тен астам адам жазасын өтеуде

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2017 23:48 Zakon.kz
Жат ағымды насихаттағандар теміртордың ар жағында жазаларын өтеуде.
Павлодардағы түзеу мекемелерінде 70-тен астам адам жат ағымдарды насихаттағаны үшін жазасын өтеуде, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында өткен кездесу барысында облыстық дін істері басқармасының басшысы Дәулет Зәкәриянов айтты.

Оған басқармалар мен мемлекеттік ұйымдардың басшылары, халық қалаулылары, қоғамдық кеңестің өкілдері, діни ұйымдардың жетекшілері қатысты.

- Өңірде діни ахуал тұрақты, - дейді Дәулет Зәкәриянов. - Азаматтарды теріс ағымдарға кетіп қалуының алдын алу мақсатында және білместікпен жат сенімге ергенді тәрбиелеу бойынша жұмыс үздіксіз жүргізіледі.

Жат ағымды насихаттағандарың барлығының жымысқы ойлары әшкере болып, теміртордың ар жағында жазаларын өтеуде. Павлодардағы түзеу мекемелеріндегі 70 адам еліміздің әр өңірінен. Мықты діни мамандардың насихат жұмыстарының арқасында бұл азаматтардың жартысынан көбі дәстүрлі дінге қайта оралды.

Бұдан басқа, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов 2017 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат беріп, 2018 жылға арналған жоспарлармен бөлісті.

Фото: www.pavlodarnews.kz

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: