Мексиканың солтүстігінде аптап ыстықтан 70-тен астам адам көз жұмды
Baq.kz
Бұған дейін, аптап ыстыққа байланысты мексикалық штаттардың басым бөлігінде ТЖ жарияланды.
Мексикада аптап ыстықтан 70-тен астам адам көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz.
«Мексиканың солтүстігіндегі Төменгі Калифорния штатындағы Мехикали қаласының аумағында 70-тен астам адам аптап ыстықтан көз жұмды. Дәлірек айтқанда, шілденің 1 мен 31 аралығында ыстықтың кесірінен 25-60 жас аралығындағы 73 адам қайтыс болған, оның ішінде 6 күн тиюден көз жұмды. Айта кетейік, олардың басым бөлігі есірткіге тәуелділік кесірінен жүрек-қан тамырлары жүйесінің, бүйрек пен өкпе ауруларына шалдыққан жандар», - деді штаттың сот-медициналық сараптамасы аймақтық қызметінің үйлестірушісі Сесар Рауль Гонсалес Вака.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, аптап ыстыққа байланысты мексикалық штаттардың басым бөлігінде ТЖ жарияланды. Нәтижесінде үкімет арнайы қордың ресурстарын пайдаланып азаматтарға көмек көрсеткен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript